Атырау, 24 қараша 09:51
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Елімізде 3 млн. теңге жалақы алатындар бар

4 598 просмотра
HeadHunter компаниясының зерттеу орталығы hh.kz сайтындағы Қазақстанның барлық облысы бойынша жалақысы көрсетілген 4 983 бос орынға талдау жасап, қыркүйек айындағы жұмыс берушілердің ең жоғары және ең төмен ұсыныстарын жария етті, - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.  

Айлығы көрсетілмеген бос орын есепке алынған жоқ. Ең «қымбат» бос орын Алматы қаласынан болды. Ірі индустриалды компанияға «Атқарушы директор» қажет екен. Жалақысы 10-нан 20 мың долларға дейін (персонал мен кадр консалтингін іріктеу бойынша компания атынан жарияланған). Табысты үміткерге қойылған негізгі талаптардың бірі - 2013 жылы компанияны ІРО-ға шығару.

Қыркүйек айының жоғары айлық ұсынылған бос орындарының ішінде мына облыстар алға шықты: Маңғыстау («Production Manager», айлығы - 7 000-нан 12 000 долларға дейін), Оңтүстік Қазақстан («Маркетинг бөлімінің бастығы», айлығы – 500 000 теңге), Атырау («Қаржы директоры», айлығы– 3 000 доллардан бастап) және Шығыс Қазақстан («Жер асты кенішінің бас инженері», айлығы - 419 675-тен 524 596 теңгеге дейін).

Жұмыс іздеушілерге өткен айда ең аз айлық жалақы Ақтөбе («Кеңсе менеджері», айлығы – 25 мыңнан 78 мың теңгеге дейін), Алматы («Спорт репортері», айлығы – 50 доллардан 500 долларға дейін) және Қостанай облыстарында (« ПК операторы», айлығы – 38 500 теңгеден бастап) ұсынылды.

hh.kz сайтының берген мәліметтері бойынша қыркүйек айында жұмыс берушілердің ұсынған орташа жалақысы 119 500 теңгені құрады. 

Дереккөз: Baq.kz

29 қазан 2013, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.