Атырау, 24 қараша 09:26
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Павлодарда жоғалған қызды іздеу үшін барлық қала тұрғындары жұмылды

1 644 просмотра

Бір апта бұрын жоғалған Павлодарлық Анастасия Шарипова әлі күнге дейін табылған жоқ.

Бүгін әлеуметтік желілердің бірінде Ақсу қаласында 13 жастағы қыздың мәйіті табылды, бірақ ол Анастасия емес деген ақпарат тарады. Ғаламтордағы жазбалардың бірінде шаһарда коменданттық сағат жарияланды, өйткені Ақсуда маньяк-педофил жүр делінген.

Осы дерекке қатысты облыстық ішкі істер департаменті нақты бір ақпарат бермей отыр. Тек, әлеуметтік желідегі хабарды жоққа шығарып, металлургтер шаһарында ешқандай коменданттық сағаттың жарияланбағанын айтты.

Дегенмен, іздестіру шарасы жалғасып жатыр. Оған облыстың тәртіп сақшыларымен қоса, әскери бөлімнің сарбаздары мен ауыл тұрғындары да ат салысуда. Тіпті, елді мекен маңы параплан арқылы әуеден барланып отыр.

"Өкінішке орай, әзірге еш нәтиже жоқ. Бұған қаншама күш жұмылдырылса да, қыз табылмай отыр. Құқық қорғау органы өкілдері күн сайын Евгеньевка ауылында. Осы аумақтың шаруа қожалықтарының иелері де атқа қонған. Олар іздестіру шарасына өзінше көмек көрсетіп жатыр. Бірі көлігін берсе, енді бірі тінту ісіне қатысуда", - дейді Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Бегзия Ысқақова.

29 қазан 2013, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.