Атырау, 24 қараша 09:52
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мерейдің де бағы жанды

1 738 просмотра

Бокстан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық кездесулері басталды. 64 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мерей Ақшалов екінші алтынды қоржынымызға салып, бокстан әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

 Жерлесіміз финалда Куба елінің боксшысы Ясниер Лопеспен жұдырықтасып, 3:0 есебімен ұтты.
Естеріңізге сала кетейік, қоржынымызға  бокстан әлем біріншілігінің алғашқы алтын медалін Біржан Жақыпов (49 келі) салса, оның жеңісті жолын Мерей Ақшалов жалғастырды. Ал қос қола жүлдені Қайрат Ерәлиев (56 келі) пен Берік Әбдірахманов (60 келі) еншілеген болатын.

Дереккөз: Baq.kz

 

28 қазан 2013, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.