Атырау, 24 қараша 09:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанда Аи-92 бензинінің бағасы 115 теңгеге дейін артты

2 789 просмотра

Қазақстанда 25 қазаннан бастап Аи-92 бензинінің бағасы 115 теңгеге дейін артты деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің баспасөз қызметі.

«Осы факторларды ескеріп бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағалар ҚҚС есебімен мына мөлшерде белгіленді:дизель отыны– 1 литрге 102 теңге;Аи – 80 – 1 литрге 89 теңге; Аи – 92 – 1 литрге 115 теңге»,-делінген хабарламада.

«Қазақстан жаңалықтары» АА-ға ТМРА баспасөз қызметінен хабарлағандай «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» 2013 жылғы 24 қазандағы №316-НҚ Агенттіктің бұйрығы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келісілді. Бұйрыққа бейсенбіде 24 қазанда кешке қол қойылды.

Аи-92 бензині бағасының 115 теңгеге дейін артуы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрілігінің деректері бойынша үстіміздегі жылдың 15 қазаны бойынша Брент маркалы мұнай бағасы барреліне 109,65 АҚШ долларын құрауына байланысты болып отыр. Бұдан басқа ДСҰ талаптарына сәйкес, сондай-ақ Кедендік одақ және Біріңғай экономикалық кеңістік шеңберінде өңделген Темір жол көлігінің қызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы келісімге сәйкес бағыттар түрі бойынша (республика іші, экспорт және импорт) тарифтерді кезең бойынша унификациялау жүргізуге байланысты үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап мұнай өнімдерін теміржолмен ішкі бағытта тасымалдау тарифтері орташа 44% өсті.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

25 қазан 2013, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.