"Қазір тәркілеудің барлығы сот арқылы жүргізіледі. Алайда, елде бүгінгі БТА Банктің жағдайы секілді фактілер жиі орын алып жатады, яғни қаржысын жымқырып шетелге қашып кеткен, сырттарынан соттай алмай отырмыз. Сырттай соттауға болады әрине, бірақ әлемдік қоғамдастық оны дұрыс қабылдамайды. Сондықтан, әлгі азаматтар мемлекеттен жеген қаражатты кері қайтару үшін мүліктерін сот үкімінсіз-ақ тәркілейтін боламыз" деді Меркель Парламент Мәжілісінде Қылмыстық кодекстің жаңа жобасын таныстыру кезінде.
Дереккөз: baq.kz