Маңғыстау облысы бойынша қаржы полициясының департаменті «Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасы» ММ-нің инспекторы деген азаматқа және басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғады, депхабарланады Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми сайтында.
"Маңғыстау облысы бойынша Департаменті ҚР ҚК 314-бабының 2-бөлігі (қызметтік жалғандық жасау) бойынша «Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасы» ММ-нің инспекторы Қ. деген азаматқа және басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғады. Олар өздеріне және басқаларға пайда келтіру мақсатында «монитор және планшет компютерлерін өндіретін зауыт» нысанын мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне қабылдау туралы жалған мәлімет енгізіп, қызметтік жалғандық жасаған", - делінген хабарламада.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.