Атырау, 24 қараша 10:10
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Елімізге контрабандалық жолмен тауар жеткізілетін жолдар анықталды

1 542 просмотра
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғосман Әмрин мәлім етті деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 «Алушысы Қазақстанда тіркелген қайырымдылық ұйымдарының бірі болып табылатын қайырымдылық жүгі ретінде әкелінген халықтық тұтыну тауарларын контрабандалық жолмен әкелген схемасы анықталды»,- деді Ғ.Әмрин.
Комитет төрағасының айтуынша, Моңғолия мен Кеден одағы елдерінен жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін автомобильдерді контрабандалық жолмен әкелетін схемасы да табылған.
Елімізге тауарларды контрабандалық жолмен әкелуге бейім елдердің қатарында Қытай, Түркия, Иран, Қырғызстан және Біріккен Араб Әмірліктері бар.

Дереккөз: BAQ.KZ

24 қазан 2013, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.