Атырау, 24 қараша 09:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанның үш облысында жаңа жол жабындысын сынақтан өткізуде

4 014 просмотра

АСТАНА,  24 қаз– Қазақстан жаңалықтары АА. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Ақмола, Атырау және Алматы облыстарының автомобиль жолдарындағы сынақ учаскелерінде «Микросюрфейсинг» түріндегі жаңа жол жабындысын  сынақтан өткізуге кірісті деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

 «Жолдарды күтіп-ұстауда бұзылулардың алдын-алу әдісін қолдану қаржыны үнемдеуге   бағытталған. Айталық, жолдарға  7-10 жылдан кейін, яғни  сапасы  қанағаттанарлықсыз жағдайға жеткен кезде  күрделі жөндеу  жұмысын жүргізгеннен гөрі, олардың сапасы қанағаттанарлық жағдайда болған кезде  жол жабындысына жөндеу жұмысын жүргізген айтарлықтай арзанға түседі»,-деп атап өтті Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов.

Микросюрфейсинг жол жабындысының бірқатар ерекшеліктері бар: суды сіңірмейді, жол сораптарын болдырмайды, жолдың пішінін түзейді, автомобиль көлігініңқозғалыс барысындағы шуылын азайтады. Аталған жол жабындысы  ауыр салмақтың түсуіне төзімді келеді және 5 жылға дейін жөндеу  жұмыстарын қажет етпейді.

Микросюрфейсинг жабындысы еліміздің климаттық жағдайы әр түрлі болп келетін 3 облысында: Атырау облысындағы «Атырау -Астрахань»  автожолының 18 км-де, Алматы облысындағы «Алматы-Бішкек» автожолының 10 км-де, Ақмола облысындағы «Астана қаласының оңтүстік айналма жолының» 10 км-де сыналып жатыр.

Сынақ қорытындысы  оң нәтиже берген жағдайда 2014 жылдың көктемінде Микросюрфейсинг жабындысын еліміздің жолдарында кеңінен қолдану басталады.

Дереккөз: newskaz.kz

24 қазан 2013, 13:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.