Атырау, 24 қараша 09:59
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне Сириядағы террористер туралы ролик кейіпкерлерінің азаматтығын тексеру қиынға соғуда

2 897 просмотра

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі  әзірге Сирияда түсіріліп,  таратылған бейне материалдардағы адамдардың Қазақстан азаматтығына қатысы бар-жоқтығын растап немесе жоққа шығара алмайды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

«Қазіргі таңда ҚР Сыртқы істер министрлігі Сирияда түсіріліп алынған және интернет желілерінде таратылға бейне материалдардағы адамдардың Қазақстан азаматтығына қатысы бар-жоқтығын растап немесе жоққа шығара алмайды. Аталған тұлғалардың аты-жөндері бейне материалда көрсетілмеген, бұл өз кезегінде оларда қазақстандық төлқұжаттың бар екендігін тексеруге мүмкіндік бермейді. Олар консулдық есепке алынбаған», - делінген хабарламада.

Оның үстіне, өздеріңізге белгілі болатындай, Сирияда қазіргі кезде әскери іс-қимылдар жалғасуда, сондықтан жергілікті билік өкілдері қазақстандық тарапының аталмыш тұлғалардың азаматтығына қатысты ресми сұранымына жауап беруге мүмкіндіктері жоқ. Аталған тұлғалар Сирияға Түркия аумағында орналасқан босқындар лагері арқылы Сирия визасын рәсімдемей кіруі мүмкін деп болжамдаймыз. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан мен Түркия арасында визасыз жүйе орнатылған.

ҚР Атазаңына сәйкес, біздің еліміздің азаматтары еркін жүріп-тұру құқығына ие, және Сыртқы істер министрлігі ҚР азаматтарының шетелге шығуын қадағаламайды. Министрлік Қазақстан азаматтарына шығатын виза бермейді. Оның құзіретіне шетелдің азаматтарына ғана виза рәсімдеу кіреді, яғни шығатын емес, кіретін көші-қонды реттейді.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

23 қазан 2013, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.