Еуропадағы ең арзан жанармай Қазақстанда, дейді РИА Рейтинг сарапшылары.
Еуропа елдерінде жанармай бағасы 2013 жылғы үшінші тоқсанда әртүрлі бағытта өзгерген, алайда қыркүйектің соңына қарай, мұнай бағасының өсуімен бірге көлік отыны барлық жерде дерлік қымбаттай бастады, деп атап өтуде сарапшылар.
Жыл басынан бері жанармай бағасының ең үлкен өсімі Белоруссияда (16,7%-ға), Норвегияда (6,3%-ға), Ресейде (6,3%-ға) байқалған. Ұлыбританияда октандық саны 95 жанармайдың бағасы 4,9%-ға түсті.
Рейтингтің соңғы қатарында соңғы бірнеше тоқсанда алғаш рет мұнай өндіруші Қазақстан орналасты, мұнда РИА Рейтинг сарапшыларының бағалауынша 95-ші жанармайдың литрі 29,5 рубльді құраған.