Атырау, 24 қараша 09:54
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанда дене шынықтыру сабақтарын қысқарту оқушылардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін

1 959 просмотра

Дене шынықтыру сабақтарын қысқарту оқушылардың денсаулығына кері әсер етеді деп есептейді ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов.

«Біз оқушылардың қимыл белсенділігін шектейтін тағы бір проблемаға тап болдық,  бұл мектептерде аптасына дене шынықтыру сабақтарын екі сағатқа дейін қысқарту. Ал біздегі сағаттарды қысқарту жасөспірімдердің дене шынықтыруы мен спорттық көрсеткіштеріне кері әсер етуі мүмкін», - деді  Қожағапанов дүйсенбіде мәжілістегі үкімет сағатында.

Оның айтуынша, бұндай қысқарту халықаралық тәжірибеге сәйкес келмейді. Халықаралық спорттық стандарттар апталық 3-6 сағатқа артық.

«Жыл сайын мектеп оқушыларының арасында дене шынықтыру бойынша нормативтерді, Президенттік тестті табысты тапсыратындар көрсеткіші төмендеп барады. Мәселен, былтырғы жылы Президенттік тест тапсыруға қатысқан 613 мың мектеп оқушыларының тек 3,6 пайызы ғана оны үздік орындаған. Ал «жақсы» бағаға тапсырғандар он пайыздан сәл асса, қалғаны бұл сынақты мүлдем тапсыра алмаған. Әскери бөлімдердегі медициналық тексерулерге келсек, мұнда да шақыртылған он баланың жетеуі біздің әскерге қызмет етуге жарамсыз деп танылады», -дейді  Қожағапанов.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

21 қазан 2013, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.