Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ИДРХО) төрелік трибуналы «KT Asia Investment Group B.V.» (KT Asia) компаниясының талап-арызы бойынша Қазақстанның пайдасына шешім шығарды деп хабарлайды Қазақстан әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
«KT Asia» компаниясы Нидерландта тіркелген және Мұқтар Аблязовтың формальді түрде әрекет ететін және нақты коммерциялық қызметті жүзеге асырмайтын фирмасы болып табылады. Талапкер Республиканың оған формальді тиесілі БТА Банк АҚ-да миноритарлы акциялар пакетін мүмкін ұлт меншігіне алғанын мәлімдеді.
«Талаптардың сомасы 1,5 миллиард АҚШ доллар шамасында болды. Осы төрелік талқылау 2009 жылы ИДРХО Конвенциясы және Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің шарттары негізінде басталды.Қазақстанға қарсы төрелік талқылау толығымен Мұқтар Аблязовпен қаржыландырылды. Қызметінің уақыты ішінде «KT Asia» компаниясы БТА Банкінің акцияларын және әкімшілік шығындарды өтеу үшін қаражаттары бар банк шотын ғана иеленді, талапкердің басқа активтері болмады»,-делінген хабарламада.
«Қазақстан Республикасы «KT Asia» компаниясы активтерді біреуінен басқасына өткізу үшін қырнаулар ретінде пайдаланылған Аблязовтың бірқатар компаниялар тобына кіргенін паш ете алды. Трибунал БТА Банктің Аблязовқа қарсы талап-арызы бойынша Аблязовтың жүздеген компанияларын тізімдейтін активтерді шектеу туралы ағылшын сотының сот шешімі осындай тәжірибенің ауқымын көрсететіндігін белгіледі»,-деп атап көрсетеді ведомство.
Сонымен қатар, «KT Asia» компаниясы БТА Банктің акцияларын нарық құнынан жеті есе кем бағасына Аблязовқа тиесілі болған екі сатушы-компаниялардан алған қарыз есебінен сатып алды. Қарыз сомасы және ол бойынша пайыздар төленбей қалды. Оның орнынан қарыз есептен шығарылып, «KT Asia» компаниясының қарызынан арылу мақсатымен осы екі компания таратылды.
«Талқылау барысында Қазақстан Республикасы Аблязов БТА Банктің акцияларын өз компаниялардың арасында бөлу арқылы бірнеше жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын қасақана бұзғанын көрсетті»,-деп атап көрсетілген хабарламада.
Сөйтіп талқылау шегінде Аблязов БТА Банк акцияларының 75,18% әр түрлі юрисдикцияларда құрылған бірқатар бөлек компаниялар арқылы иеленгенін мәлімдеді. Әр осындай компания БТА Банктің акцияларының 10% кемісін иеленді. Дегенмен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретті органның жазбаша келісімін алмастан тұлға банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иелене алмайды. Алайда, Аблязов тиісті келісім алмаумен қатар мемлекеттік органдардан БТА Банктің ірі қатысушы екендігін әдейілеп жасырды.
«Өз шешімінде төрелік трибунал «KT Asia» компаниясы инвестицияларды иеленбегенін және БТА Банкке үлес қоспағаны туралы Қазақстан Республикасының ұстанымымен келісті. Осылайша, «KT Asia» компаниясы және Қазақстан Республикасы арасында инвестициялық даудың жоқ болуына байланысты, Трибунал талапкердің талаптарын қарау бойынша юрисдикциясының жоқ екендігін мойындады және осы талап-арызды қарауды тоқтатты»,-деп қорытындыланған баспасөз хабарламасында.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА