Атырау, 24 қараша 10:00
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Қазақалтынға» қарасты кен орындарының бірінде оқыс оқиға болды

1 674 просмотра

Ақмола облысындағы «Қазақалтын» АҚ-ға тиесілі кен орындарының бірінде топырақ опырылып түсті.

Үйінді астында қалған жұмысшының бірі құтқарылып, екінші кенші іздестірілуде. Оқиға түнде болған. Бұл туралы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр. 

Арман Әбдіхалықов, облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы:

- Оқиға орын алған кезде шахтада 3адам болған. Сол алысырақ тұрғаны арнайы орындарға хабар берген. Ал зардап шеккен бір азамат дереу әскери госпитальге жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал үшінші азаматты іздеу үстіндеміз.

Дереккөз: 24.kz

19 қазан 2013, 22:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.