Атырау, 18 қаңтар 06:10
 ашықВ Атырау -15
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

«Нұр Отан» партиясының атауынан «халықтық-демократиялық партия» сөздерін алып тастады

4 215 рет қаралды

АСТАНА, 17 қаз – Қазақстан жаңалықтары АА. «Нұр Отан» партиясының атауынан «халықтық-демократиялық партия» сөздерін алып тастады, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

«Халық арасында бізді «Нұр Отан» партиясы» деп атайтыны белгілі. Сондықтан, партия атауынан «халықтық-демократиялық» сөздерін алып тастау ұсынылған болатын. Осыған орай, саяси кеңестің кеңейтілген отырысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отыра, съезд қарауына «Нұр Отан» халықтық-демоакртиялық партиясы» атауын «Нұр Отан» партиясы» атауына өзгерту ұсынылады», - деді партия төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек.

Сондай-ақ съез делегаттары партияның жаңа эмблемасын бекітіп, мүшелік жарнаның көлемін  94 теңгеден 187 теңгеге көтерді.

Дереккөз: newskaz.kz

18 қазан 2013, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.