Атырау, 11 қазан 11:31
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Оқушы қызды өлтіргендер кінәсін толық мойындады

1 870 просмотра

Ақтөбеде сегінші сынып оқушын айуандықпен өлтіргендер кінәсін толық мойындады. Басты күдікті деп танылған 20 жастағы Виктория Савич жасөспірімді қызғаныштан буындырып өлтірген. 

Жігіті оған әлі он екіде бір гүлі ашылмаған пәк қыз тауып беруді өтініпті.Сүйіктісіне сүйкімді көрінуге тырысқан ол көп ұзамай әлеуметтік желі арқылы Гүлдира Сәкеновамен танысқан. Кейін оны пәтеріне алдап шақырады. Алайда аяқ астынан қызғанышы оянған Виктория ертесінде қызды буындырып өлтіріп, оқушының денесін көпқабатты үйлердің бірінің ауласына лақтырып кеткен. Қазір қамауға алынған қылмыскер оқиғаның қалай болғанын айтып бергенімен, Сергей есімді сүйіктісі тергеушілерге жауап беруден бас тартқан. Ал қаза тапқан қыздың әлеуметтік желдегі достары көңіл айтып жатыр. Он күнен соң сегінші сынып оқушысы он беске толады екен.

Дереккөз: Baq.kz

18 қазан 2013, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.