Атырау, 11 желтоқсан 14:08
 ашықВ Атырау -12
$ 457.61
€ 493.07
₽ 4.99

2014 жылы бес бағыт бойынша жүрдек пойыздарды іске қосу жоспарлануда

1 756 просмотра

АСТАНА, 17 қаз – Қазақстан жаңалықтары АА. 2014 жылы бес бағыт бойынша жүрдек пойыздарды іске қосу жоспарлануда, ол әр бағыт бойынша жол жүру уақытын орташа есеппен 1,5-2 есеге дейін қысқартпақ, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Астана - Қызылорда, Алматы - Ақтөбе, Алматы - Защита, Астана - Защита және Алматы - Ташкент бағыттарында жүрдек пойыздарды іске қосу жоспарлануда,  Аталған бағыттардың ашылуы осы өңірлердегі жолаушылар тасымалына деген жоғары сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ әр бағыт бойынша жол жүру уақыты орташа есеппен 1,5-2 есеге дейін қысқармақ», - делінген хабарламада.

Ведомствоның атап өтуінше, Астанадан Қызылордаға жолаушылар қазіргідей 2 тәулікте емес, бір тәуліктің ішінде жететін болады. Астана-Защита жүрдек пойызы болса Павлодар стансасына аялдайтын болады.

Ағымдағы жылы Алматы - Атырау, Астана -Атырау және Астана - Семей бағыттарында жаңа жүрдек пойыздарының іске қосылғанын айтып өту керек. Аталған бағыттар бойынша жол жүру уақыты екі есеге дейін қысқартылды. 

Дереккөз: newskaz.kz

 
17 қазан 2013, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.