Атырау, 24 қараша 08:56
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бектас Бекназаров Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы болып бекітілді

4 190 просмотра

ҚР Жоғарғы Сотының бұрынғы төрағасы Бектас Бекназаров Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі твиттердегі ресми аккаунтында. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Б.Бекназаров ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды», - деп жазылған хабарламада. 

Бекназаров Бектас Әбдіханұлы, 1956 жылы 12 қыркүйекте Жамбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген.

1983 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университетің тамамдаған,

1978-1981 жылдары аралығында Жамбыл қаласы Орталық ауданының халық сотының сот орындаушысы,

1981-1983 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің әділет бөлімінің кеңесшісі, 1984-1990 жылдары Жамбыл облысының Жуалы аудандық халық сотының судьясы,

1990-1997 жылдары Жамбыл облыстық сотының мүшесі, төраға орынбасары,

1997-2000 жылдары Жезқазған облыстық сотының төрағасы,

2000 жылы Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы,

2000- 2002 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының судьясы,

2002-2006 жылдары Атырау облыстық сотының төрағасы,

2006- 2009 жылдары Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық сотының төрағасы болып жұмыс жасаған.

2009 жылдан бастап Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.

Бүгінгі тағайындауға дейін 2011 жылғы 15 сәуірден Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының № 866 Қаулысымен Бектас Әбдіханұлы Бекназаров Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметін атқарған.

Бекназаров Бектас Әбдіханұлы білікті заңгер, жоғарғы ұйымдастыру қабілеттілігімен, іскерлігімен және өмірлік мол тәжірибелілігімен белгілі. Сот саласында ұзақ жыл жасаған адал еңбегі үшін бірнеше рет мемлекеттік наградаларымен және құрмет грамоталарымен марапатталды, мәселен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Сот жүйесінің құрметті қызметкері». 2010 жылы «Үш би» белгісімен марапатталды.

Дереккөз: bnews.kz

16 қазан 2013, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.