Атырау, 24 қараша 09:01
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қайрат Мәми Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы болып тағайындалы

6 620 просмотра

АСТАНА,  16  қаз –Қазақстан жаңалықтары АА.  Қайрат Мәми Қазақстан Респубикасы Жоғарғы сотының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады агенттіктің тілшісі республика парламенті сенатынан. 

Қайрат Әбдіразақұлы Мәми Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында 1954 жылы 9 мамырда туған. 

С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін бітірген (1981). Құқықтанушы, з.ғ.д. профессор.

Гурьев (Атырау) облыстық сотының, Алматы қалалық сотының төрағасы болып жұмыс істеді. 1990 ж. – Қазақ КСР Жоғарғы Сотының мүшесі. 1995 ж. ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер алқасын басқарды. 1999-2000 жылдары ҚР әділет министрінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2000 жылдан бастап ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы, 2009 жылдан – ҚР Бас прокуроры. 2011 жылғы сәуірде ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды.

ТМД-ның жоғары төрелік соты мен жалпы соттары төрағалары кеңесінің тең төрағасы, ТМД Экономикалық Соты Пленумының мүшесі, Халықаралық заңгерлер одағы (Мәскеу қ.) төрағасының орынбасары болып табылады. Қазіргі кезде Дүниежүзі заңгерлер ассоциациясының мүшесі, ЕурАзЭҚ ПАА төрағасы, ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА Кеңесінің мүшесі.

Оның жетекшілігімен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы», «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы», «Аралық соттар туралы», «Прокуратура туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» заңдары және соттардың құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелер жөніндегі Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары әзірленді.

Дереккөз: newskaz.kz

 
16 қазан 2013, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.