Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айырықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
Аталған хаттама Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін импорттық кеден баждарын біржақты тәртіппен қолданудың неғұрлым ұзақ мерзімін белгілеуге мүмкіндік береді.
«Егер осындай шаралар тарап мемлекеті экономикасының тиісті саласын дамыту үшін қажетті болып табылса, онда мемлекеттердің бірі неғұрлым жоғары ставканы қолдана алады. Сондай-ақ, үшінші елдерден дәстүрлі импортына елеулі деңгейде тәуелді және кеден одағында мұндай тауарлар өндірісін қанағаттандыру мүмкін емес ішкі нарықтағы тауарлардың аса тапшылық жағдайында тараптардың бірі неғұрлым төмен ставканы қолдана алады. Сондай-ақ, мұндай жоғары немесе төмен ставкаларды қолдану мерзімі 2008 жылғы хаттамада 6 айдан аспайтын болатын. Дегенмен, осы өзгерістерді енгізуде ондай ставкалардың қолдану мерзімін барынша ұзартуға қол жетіп отыр», - деді Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев.
Дереккөз: ҚазАқпарат