Ирландия — Қазақстан 3:1 (2:1)
Голдар: Кин, 17-пен. О’Ши, 26. Шомко, 78-автогол – Шомко, 13.
Ескертулер: Кислицын 16
Ирландия: Форд, Коулмен, Данн, О’Ши, Уилсон, Маккарти, Рейд, Гибсон (Уилан 37), Стоукс (Хулахан 87), Дойл, Кин
Қазақстан: Сидельников, Гурман, Карпович (Шабалин 84), Кислицын (Финонченко 32), Дмитренко, Щеткин (Юрин 61), Энгель, Байжанов, Шомко, Хижниченко, Коробкин
Бас төреші: Вадим Директоренко (Латвия)
15 қазан. Дублин. «Дублин Арена».
Бәрі біз үшін сәтті басталған. Алыстан қақырата соққан Дмитрий Шомко есеп ашты. Алайда, қуанышымыз ұзаққа созылған жоқ. Алдымен бас төреші қақпамызға пенальти белгілесе, артынша қақпашымыз Андрей Сидельниковтың өрескел қателігінен кейін алаң иелері алға шықты. Ал екінші таймда Шомко допты қайтарамын деп өз қақпасына гол соғып алды. Қорытынды есеп – 3:1.
Сонымен, біздің топтан бірінші болып Германия құрамасы Бразилияға жолдама алды. Ал екінші орыннан көрінген Швеция ұлттық құрамасына әлем чемпионатында өнер көрсету үшін електік сыннан өтуі тиіс.
Дереккөз: bnews.kz