Атырау, 24 қараша 08:31
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ақтөбеде мектеп оқушылары үшін комменданттық сағат жарияланды

2 045 просмотра

Ақтөбеде мектеп оқушылары үшін комменданттық сағат жарияланды, ата-аналарға кешкі уақытта балаларын жалғыз жібермеу туралы кеңес берілуде.

Қалалық білім беру бөлімінде хабарланғандай, 19 мектептің тоғызыншы сынып оқушысының өліміне байланысты қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазықызы мектеп директорларымен шұғыл кездесу өткізді.

Қазір оқу мекемелерінде 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өткізілуде, ересектерге балаларды кешкі уақытта жалғыз жібермеуге, сондай-ақ, баланың жанында жүретін жолдастары туралы көбірек біліп, олардың әлеуметтік желі арқылы байланыстарын шектеу жөнінде кеңес берілуде.

«Барлық сыныптарда оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Балаларға таныс емес адамдарға, әсіресе, әлеуметтік желілер арқылы танысқан адамдарға сенуге болмайтыны туралы айтылуда», - дейді білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева.

Белгілі болғандай, қаза тапқан қыз бала ата-анасынан жолдас қызының үйіне қонуға сұранып кеткен, алайда, шын мәнінде ғаламтор арқылы танысқан белгісіз адаммен кездесуге барған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

12 қазан 2013, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.