Атырау, 24 қараша 09:09
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Халықаралық іздеуде жүрген Өскеменнің бұрынғы шенеунігі ұсталды

1 777 просмотра
Жанэт Нұрлан. Фотосурет vk.com сайтынанЖанэт Нұрлан. Фотосурет vk.com сайтынанПолицейлер 500 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен Өскемен әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бұрынғы басшысы Жанэт Нұрланды ұстады, деп хабарлады YK-news.kz.

Бұрынғы қаржыгер Шығыс кентінде үй салуға бөлінген ақшаны иемденді деп күдіктенуде. Жанэт Нұрлан тең құрылтайшысы болған "Бытстрой" ЖШС мердігер-компаниясы оралмандарға арналған үйді тұрғызу кезінде көптеген бұзушылықтарға жол берген. Салынған үйлер суық әрі сыз тартып тұрған.

Биылғы жылы мамыр айында оралмандар рұқсатсыз наразылық іс-шарасын ұйымдастырып, Ескі Ахмирово тасжолын бөгеп тастаған. Халық азынаған үйдің азабын шенеуніктерге осылай жеткізбекші болды. Суығымен қоса, жобаға сайкес, бетон қораптар электр энергиясы көмегімен жылытылған. Ай сайын келіп тұратын он мыңдаған теңгенің есепшоты да кент тұрғындарының ашуына тиген еді.

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметіне Жанэт Нұрлан Ислам 2009 жылы кіріскен болатын. Қаржыгер 2011 жылы қазанда үйлердің құрылысы аяқталып қалды-ау деген кезде қалалық әкімдіктегі қызметінен кетіп қалды.

33 жастағы Шымкент қаласының тумасы Жанэт Нұрлан бірнеше ай бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген. Ол Германияда жасырынып жүр деген күдік болған соң, оған халықаралық іздеу жарияланды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

12 қазан 2013, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.