Фотосурет: telegrafist.orgҚазақстан Cыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай бастаған делегацияға Оңтүстік Африка Республикасында қарулы шабуыл жасалды.
Оқиға қазақстандық дипломаттар Йоханнесбург әуежайынан Претория қаласына аттанған жолда болған. Оңтүстік африкалық "Меркюрий" басылымының хабарлауынша, делегация мінген көлікті қарулы топ тоқтатқан. Басылымның ақпаратына сүйенсек, ешкім зардап шекпеген.
Алайда, тонаушылар қазақстандық дипломаттардың құнды заттарып тартып алған. Белгілі болғандай, бұл сапарында Қайрат Сарыбай президент Нұрсұлтан Назарбаевтың желтоқсанға жоспарланған, Оңтүстік Африка мемлекетіне ресми сапарына әзірлік жайын африкалық әріптесімен талқылаған.
Оқиғаның мән жайын "Астана" арнасы еліміздің Сыртқы істер министрілігінен анықтауға тырысты. Баспасөз қызметі министр орынбасарының Иоханнесбургте болғанын растағанымен, делегацияға шабуыл жасалғаны туралы- еш ақпарат бермеді.
Дереккөз: Астана телеарнасы