Атырау, 27 желтоқсан 02:48
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Таразда прокуратура қызметкерін атып кетті

2 013 просмотра

Бірнеше мәрте пышақталған және басына екі рет оқ атылған. Ішкі істер органдарының жедел тобы қылмыс жасаған 21 жастағы туысы екенін анықтап отыр. Ол қылмыс жасап, қашып бара жатқан жерінен Қордай ауданынан ұсталған.

Оқиға – 10 қазан күні, түскі сағат 12-лер шамасында болған. Прокурор көмекшісін туысы 19 жерінен пышақтаған. Және өлтіргеніне сенімді болмақ мақсатында, басынан да 2 рет атқан.

Бай-бағландарға берілетін баспанада тұрған құқық қорғау органынының қызметкері пәтеріне 39 мың АҚШ долларын алып келген. Сол сәтті тусысы да қонаққа келеді. Артынша, айқай мен атыс басталып кетеді. ІІД ақпараты осылай дейді.

Бірақ, оқиға болған кезде ешқандай адам дыбысы да айқай дабырында көршілері естімеген. Олар тіпті кімнің кіріп, кімнің шыққанын да білмейді. Күзет қызметіндегілер де пәтердегі оқиғаға қатысым жоқ дейді. Марқұм әлеуметтік желілерде үйленген, қызы бар екенін көрсетіпті.

Камераға сөйлеуге қарсылық білдірген рулас туыстарының сөзіне сенсек, отбасымен ажырасқан. Ал қызы жуырда 4-ке келеді. Ал осы оқиағаға байланысты түсінік берген Жамбыл облыстық ІІД бастығы да тілшілер сауалына тікесінен жауап бере алмай тұтықты.

Күдікті қылмысқа жан-жақты дайындалған. Яңни, атыс қаруды шолақ мылтыққа айналдырған. Және мәйітті жасыру мақсатында полиэтилендік қаптарды пайдаланған.

Қазір қылмыс жасаған деген күдікпен 21 жастағы Тараздық тұрғын қамауға алынды. Ол Қордай ауданына төтесінен тартып, артынша Алматы асып кетпек болған. Әзірге, тергеу амалдары жан-жақты жүргізіліп жатыр

Дереккөз: Астана телеарнасы

12 қазан 2013, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.