Фотосурет: SPORT.NUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына іріктеу ойындары барысында Фаррер аралдарымен тең түсті.
Кездесуді сылбыр бастаған Беранек шәкірттері жарытып ойнай алған жоқ. Еуропадағы ең әлсіз командалардың бірімен кездескен біздің ұлттық құрама ойын тізгінін алаң иелеріне әуел бастан-ақ ұстата салды. Ал, Фаррер аралдарының футболшылары қанша шабуылдаса да алғашқы таймның соңына дейін есепті аша алған жоқ. Тек 40 минутта ғана Хранссонның алыстан шірене тепкен добы Сидельников күзеткен қақпадан табылды.
Ал, ойынның екінші бөлігінде қос команда да есте қаларлықтай ойын үлгісін көрсете алмады. 55 минутта фаррерліктердің айып алаңында орын алған қарбаласты ұтымды пайдаланған Финонченко гол соғып, есепті теңестірді демесеңіз...
Осы кездесуден кейін Қазақстан құрамасы 5 ұпай жинап, С тобындағы соңғы орындардың біріне жайғасты.
Дереккөз: Baq.kz