Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмада үкіметтің кеңейтілген отырысында бірқатар мемлекеттік арналардың жұмысын сынға алды.
«Мемлекет бұқаралық ақпарат құралдары үшін ешқашан бюджеттен осынша қаражат бөлген емес. Бюджетті қарағанда қайда қарайды? «Білім» (Знание) және «Мәдениет» (Культура) – менің түсінігімде бірдей арналар. Бұл арналарды көрсең, контент, материал жоқ. Жануарлар әлемін, қайдағы бір тарихи фильдер көрсетеді. Онда қанша адам жұмыс істегенімен, шығармашылық топ жоқ. Мысалы, Caspionet, ҚазақТВ және 24 KZ –бірдей арналар деуге болады. Сапалы жұмыс істеудің орнына біз (…) ақшаны ысырап етеміз», - деді Назарбаев.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.