Атырау, 27 желтоқсан 07:02
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қазақстан президенті индустрияландыру бағдарламасын іске асыру белсенділігі бәсеңдеген деп есептейді

2 101 просмотра

АСТАНА, 11  қаз –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктерді индустрияландыру бағдарламасын іске асыру кезінде белсенділіктері бәсеңдегені үшін сынға алды. 

«Біреулер индустрияландыру Исекешовтың ғана жұмысы деп ойлап қалды-ау деймін. Жоқ, бұл жалпы Үкіметтің және ауыл әкімдерімен қоса барлық әкімдердің жұмысы. Жылдың ортасында қорытынды жасауды талап етуді қойып едім, бірден белсенділіктерің бәсеңдеп қалды. Естеріңде болсын - талап қатаң болады», - деді  президент  жұмада  Астанада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Назарбаев еліміз «шикі ресурстардан жаңа экономикаға, жаңа индустрияға шығуды» қалайтынын атап айтты. «Міне индустрияландыру болашақтағы біздің барлық экономикалық қызметіміздің іргетасы болып табылады. Оның үстіне жақсы еңбекақымен және жоғары білікті жұмысшылармен сапалы жұмыс орындарын құру болып табылады», -деп түсіндірді мемлекет басшысы.

Дереккөз: newskaz.kz

11 қазан 2013, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.