«Шахтер» және «Ордабасы» футбол клубтарының бас жаттықтырушылары Виктор Кумыков және Виктор Пасулько Қазақстан футбол қауымдастығының ресми сайты арқылы ҚР чемпионатының XXIX турындағы ойын аяқталғаннан кейін болған оқиға үшін бір-бірінен бұқара алдында кешірім сұрады.«Шахтер» және «Ордабасы» командаларының жетекшілері арасында Қарағандыда өткен Қазақстан премьер-лигасының 29-шы турының жарыстары аяқталғаннан кейін жанжал туған. Жарыс 3:0 есебімен қарағандылықтардың жеңісімен аяқталды. Жарыстан кейін өткен баспасөз мәжілісінің соңында В. Пасулько өзін В.Кумыков оның командасы стадионнан шығып бара жатқан кезде ұрып жіберді деп мәлімдеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
В Атырау +3