Атырау, 28 қыркүйек 19:18
 ашықВ Атырау +16
$ 482.77
€ 509.71
₽ 5.00

Альянс Банктің басшылығы толығымен ауысты

1 983 просмотра

Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің бірі Тимур Исаев «Альянс Банк» АҚ басшылығына келді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мақсат Қабашевтің өкілеттігі ағымдағы жылдың 8-9 қазанындағы директорлар кеңесінің шешімен бүгіннен бастап тоқтатылды. М.Қабашев өз қалауымен қыметін тапсыру жөнінде өтініш білдірген. 

«Сол шешіммен өз еріктерімен басқарма төрағасының орынбасарлары – «Альянс банк» АҚ басқармасының мүшелері Қайыржан Мимикенов пен Ерлан Манатаевтың өкілеттіктері де мерзімінен бұрын тоқтатылды, ал 2013 жылдың 16 қазанына бастап – қаржы директоры (CFO) – «Альянс Банк» АҚ басқарма мүшесі Ескендір Майлыбаевтың өкілеттігі тоқтайды», - деп көрсетілген хабарламада.

2013 жылдың 10 қазанында «Альянс Банк» АҚ басқарма төрағасы болып Тимур Исаев, ал оның орынбасарлары – банктік басқарма мүшелерінің қызметіне Талғат Қуанышбаев пен Айдын Әуезқанов келді, деп хабарлайды Альян Банк баспасөз қызметінен. 

Дереккөз: bnews.kz

10 қазан 2013, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.