Атырау, 29 наурыз 00:27
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Мини-компьютер қағазды алмастырады

2 827 просмотра

«Атырау Энергосату» ЖШС бақылаушылары пәтерлерді, кеңселерді аралап, электр қуаты мен ыстық су есептегіштерді фотосуретке түсіріп жүр. Неліктен?

ЖШС директоры Эльмира ЕСЕМБЕРГЕНОВАНЫҢ айтуынша, мәліметтерді жинауды жақсарту жөнінде пилотты жоба жүзеге асырылуда. Компания 30 мини-компьютер сатып алған. Онда бақылаушылар есептегіштерден мәліметтерді енгізіп, бірден ғаламторды пайдаланып, оларды абоненттік қызметке тапсырады. Қағаздар аз пайдаланылып, былықтар да аз болмақ.

- Шамамен әрбір екінші-үшінші есептегішті компьютер фотосуретке түсіреді. Бұл суреттер автоматты түрде «Атырау Энергосату» мекемесінің абоненттік дерекқорына беріледі. Оларды алған соң, біз ай сайын бақылаушылар жүргізіп отырған журналдағы жазбалармен салыстырамыз. Осылайша, өз қызметкерлеріміздің жұмыс сапасын тексереміз, - дейді Э.Есембергенова.

Әр мини-компьютер «Атырау Энергосату» мекемесіне 400 долларға шыққан. Компания оны сатып алуға кеткен шығындардың орнын толтырғанға ұқсайды. Бұдан басқа, журналистерге тағы бір жаңа технология – электр есептегіштерін тексеруге арналған тасымалды аспапты ұсынды. Көлік жөндеу орындарындағы компьютерлік диагностика аппаратының принципі бойынша жұмыс істейді. Бүкіл облысқа бір аспап, сондықтан оны шалғай ауылдардағы рейдтерге мамандандырылған бақылаушылар пайдаланады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген В.Истомин

4 мамыр 2011, 19:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.