Бүгiн Мәжiлiс депутаттары «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Заң жобасында Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының шеңберiнде Қазақстан Үкiметiне берiлген тапсырмаларды орындау үшiн, атап айтқанда, берiлгеннен кейiн белгiлi бiр кезең iшiнде игерiлмей жатқан жерлерге жоғарылатылған салық мөлшерлемелерiн енгiзу нормалары көзделген.
Бұған қоса, сән-салтанат заттарына (темекi және алкоголь акцизi, көлiк құралы салығы, мүлiк салығы) салық салу кезiнде жекелеген салықтардың фискалдық функциясын күшейту бөлiгiнде Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасын, сондай-ақ Салық салу мәселелерi жөнiндегi консультациялық кеңестiң шешiмдерiн iске асыру бойынша нормалар көзделген.
«Нұр Отан» партиясының фракциясымен жеке тұлғалардың мүлкi және көлiк құралдарына салықтардың мөлшерлемелерiн өзгерту бойынша ұсыныстар енгiздi. Осы ұсыныстарды бiз Қаржы және бюджет комитетiнiң кеңейтiлген отырысында тұжырымдамалы түрде қабылдадық. Халықтың әлеуметтiк зиянды тауарларды тұтыну дағдысын төмендету мақсатында темекi және алкоголь өнiмдерiнiң акциздерiнiң мөлшерлемелерiн арттыру көзделген», - дедi өз баяндамасында ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Ерболат Досаев.
Сонымен қатар, заңда жоғары итехнологиялық өнiм өндiрiсiн арттыру үшiн және жеке арнайы экономикалық аймақтарда жүзеге асырылатын қызмет түрлерiнiң басым түрлерiнiң тiзiм кеңейту қарастырылған. Салық салу мәселелерi жөнiндегi консультациялық кеңес шешiмдерiне сәйкес iс жүзiнде салық заңнамасын қолданумен байланысты мәселелердi реттеу бойынша нормалар кiргiзiлген.
«Бұл мұнай өндiру зауыттарына алыс-берiс мұнайды өңдеу, сондай-ақ жанар-жағар май стансаларында сыртқы жарнамаларды, стеллаларды орналастыру кезiндегi салық салуға қатысты», - деп түсiндiрiп өттi ол.
Ғылыми-зерттеу және ғылыми техникалық жұмыстарға арналған шығыстардың 50% мөлшерiнде қосымша шегерiндi көздейтiн нормалар тәртiбi жеңiлдетiлген.
Сонымен қатар, заң жобасында салықтық әкiмшiлендiру мәселелерiн жетiлдiруге, түсiнiксiздiк пен дәлсiздiктi жоюға бағытталған нормалар көзделген.
Дереккөз: bnews.kz