Атырау, 24 қараша 07:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Каспий маңы өңіріндегі геологиялық барлау жұмыстарына 500 млн доллар қажет

1 983 просмотра

Каспий маңы өңірінде жүргізілгелі отырған геологиялық барлау жұмыстарына 500 млн АҚШ доллары қажет деп бағалануда. Бұл туралы VІІІ KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында «Қазақстандағы геологиялық барлаудың жаңа мүмкіндіктері. «Еуразия» жобасы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында Қазақстанның мұнайшы-геологтар қоғамы президенті Балтабек Қуандықов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Еуразия» жобасы үш кезеңнен тұрады. Біріншісі, өткен жылдардың геология-физикалық материалдарын жинау мен өңдеуді қарастырады. Екінші кезеңде белгіленген жаңа бағыттар бойынша өңірлік ауқымды геофизикалық зерттеулер жүргізілмек. Үшінші кезең жаңа ұңғыманы бұрғылау жұмыстарын қамтиды. Біз оны «ОП Каспий 1» деп атадық. Біздің бағамыз бойынша, үш кезең бойынша белгіленген геологиялық барлау жұмыстарының құны 500 млн АҚШ долларын құрамақ», - деді Қуандықов.

Дереккөз: bnews.kz

8 қазан 2013, 19:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.