Атырау, 13 желтоқсан 04:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Жоғары сотқа шоумен Нұртас Адамбаевқа қатысты шағым түсті

1 807 просмотра

Жол-көлік оқиғасына тап болған қазақстандық шоумен Нұртас Адамбаев жәбірленушіге өтемақы төлеуден жалтарып жүр. Бұл туралы кеше Жоғарғы Сот Төрағасы Бектас Бекназаровтың қабылдауында болған зардап шегуші азаматтың ата-анасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі.

«Оқиғаның желісін тарқатсақ, 2007 жылы Алматы тұрғыны Нұртас Адамбаев көлік жүргізіп келе жатып жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Апат салдарынан жәбірленушінің көзі көрмей қалады. Ал оны емдеу шаралары көп қаражатты қажет еткен, жауапкер Н.Адамбаев болса оны төлеуден барынша жалтарып келген», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 2006 жылы Нұртас Адамбаев 22 жастағы Мақсат Құбандықовты автокөлігімен қағып кеткен еді. ЖКО орын алған кезде зардап шегушінің жағдайы еш қауіп тудырмаған, алайда кейіннен жас жігіттің көзінің көру мүмкіндігі нашарлап, қазіргі таңда мүлде көрмейтін болып қалды. Туысқандары шоуменді сотқа беріп, одан 400 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуін талап етті.

Дереккөз: bnews.kz

8 қазан 2013, 19:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.