Атырау, 24 қараша 07:25
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Эйр Астана» қызметкеріне қол жұмсаған жігіт кешірім сұрап, оған гүл сыйлады

1 623 просмотра

«Эйр Астана» қызметкеріне қол жұмсаған жәбірлеуші одан кешірім сұрап, оған раушан гүлін сыйлады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«11 қазан күні осы кеңседе болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасағым келеді. Мен болған жағдай үшін қатты өкінемін және кешірім сұраймын»,-деді Дархан Ботабаев. 

Істеген ісіне өкінген ол өз еркімен Аружан Саин қайырымдылық қорына 10 мың АҚШ долларын аударды.

Алайда, Қазинвестбанк директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі журналистерге кешірім сұрау үшін неге көп ойланғанын түсіндірмеді.

Ал өз кезегінде «Эйр Астана» қызметкері Нұркенжегүл Байғазиева: «Жөнсіз қорлық көргеніме қарамастан, мен бірінші күннен-ақ оның кешірімін қабыл алуға дайын едім», - деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, Дархан Ботабаев ер жігітке тән мінез танытып, өзі ренжітіп алған қызметкерге ақ раушан гүлін сыйлады.

Дереккөз: bnews.kz

8 қазан 2013, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.