Қашағанда тәулігіне 60 мың баррельден артық мұнай өндірілуде. Бұл туралы бүгін VІІІ KAZENERGY Еуразиялық форумының салтанатты ашылуы барысында «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Жыл сайын еліміздің мұнай және газ саласына айтарлықтай инвестициялар құйылып жатыр. Кен өндірісі саласында ауқымды жобалар іске асырылуда. Олардың бірі «Қашаған» солтүстік Каспий жобасы болып табылады. Бұған дейін де Қашағанда алғашқы мұнай алынғаны айтылған болатын. Бүгінде тәулігіне 60 мың баррельге жуық мұнай өндірілуде. Қазақстан бұл күнге жету үшін өз серіктестерімен бірлесіп 10 жыл бойы тынымсыз жұмыс істеді. Бұл барлығымыз үшін маңызды оқиға деп есептеймін», - деді Мыңбаев.
Дереккөз: bnews.kz