Атырау, 10 желтоқсан 23:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

«Көк Жайлау» табиғатқа зиян келтірмейді

7 765 просмотра

Алматыдағы «Көк Жайлау» халықаралық деңгейдегі тау шаңғысы курорты табиғатқа зиян келтірмейтін жаңа типті құрылыс болады. Бұл туралы Тау шаңғысы курортының І Еуразиялық конференциясы барысында «Труа Валле» тау шаңғысы желісі директорлар кеңесінің президенті Клод Фор мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бізде қазір жаңа әлемдік экономика және туризм оның маңызды бөлігін құрайды. Өйткені, сарапшылардың зерттеуі бойынша, таяудағы 5 жылдың ішінде әлемде орта тапқа жататын 500 мың адам болады, ал 2020 жылға қарай олардың саны 1,5 млрд адамға жетеді. Ал бұл дегеніміз, оларға ұшаққа отырып, үш сағаттың ішінде Алматыдағы сияқты тамаша курорттарға қыдырып келу еш қиындық туғызбайды деген сөз», - деп өз болжамдарымен бөлісті К.Фор. 

«Мен «Көк Жайлау» курортының жобасына қатты сенемін. Өйткені бұл жоба бойынша өте үлкен халықаралық топ жұмыс істеуде. Мен «Көк Жайлау» курортының құрылысы табиғатқа еш зиян келтірмейтін, керісінше6 мол табыс әкелетін жаңа типті курорт болатынына сенімдімін,-деп атап өтті К.Фор. - Өйткені курорттан түскен пайда табиғатты қорғауға жұмсалады. «Көк Жайлау» құрылысының жобасы барлық халықаралық талаптарға сай екенін айтқым келеді». 

Дереккөз: bnews.kz

8 қазан 2013, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.