Атырау, 24 қараша 07:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Асылжан Мамытбеков: «Ірі қара малдың отандық тұқымдарын өсіру қажет»

1 519 просмотра

Бүгін ҚР Үкіметі отырысында еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ірі қара малдың отандық тұқымдарын өсіру қажет екендігін алға тартты.

Министр фермалардың қарқынды дамуы мен оңтүстік өңірлердегі жақсы жайылымдарда Қызыл дала, Алатау және басқа да бейімделген ірі қара тұқымдарды өсіруге ыңғайлы деген пікір білдірді. Оның айтуынша, ірі қара малды жаппай асылдандырудың қажеті жоқ, себебі қарқынды мал шаруашылығы мен жоғары генетика сапалы жемшөпті талап етеді. Ал бұл жемшөп едәуір қымбат тұрады. Асылжан Мамытбеков ауылшаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін отандық тәсілдермен арттыру қажет деп есептейді. Мысалы,  күй талғамайтын, бірақ жемшөп дақылдарының құнарлы сұрыптарын өсіруге көшкен жөн. Министр мемлекет тарапынан ауылшаруашылығын қолдауды Кедендік одақ бойынша серіктестер көлеміне дейін арттыру қажеттігін айтты.  Айта кетейік, «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде басталған жұмыстар нәтижесінде 2020 жылға қарай Қазақстандағы мемлекеттік қолдау көрсету көлемі 9%-ға жетеді деп жоспарлануда.

Дереккөз: 24.kz

 
8 қазан 2013, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.