Атырау, 28 қыркүйек 12:33
 ашықВ Атырау +15
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанның төрт полигонында «Шығыс-2013» жаттығуы басталды

1 644 просмотра

АСТАНА, 8 қаз – Қазақстан жаңалықтары АА. Бүгін Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының аумағында «Шығыс-2013» халықаралық жедел-стратегиялық оқу жаттығуы басталады, деп хабарлайды республика қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жаттығу 8-қазанда басталып 14 қазанда аяқталады. Оған Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов жетекшілік етеді.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жаттығу бір мезетте Шығыс, Көктал, Изенді және Майлин полигондарында басталады. Оқу-жаттығуға Құрлық әскерлерінің құрамалары: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері, мотоатқыштар, артиллерия бөлімшелері, Аэроұтқыр әскерлердің бөлімдері, сондай-ақ Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің авиациясы қатысады.

ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер жауынгерлік басқару органдары арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту мақсатында оқу-жаттығуға Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінен жедел топ тартылатын болады.

Дереккөз: newskaz.kz

 
8 қазан 2013, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.