Атырау, 27 желтоқсан 00:31
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қазақстанда геологиялық зерттеу орталығы ашылады

1 719 просмотра

Астана. 8 қазан. Baq.kz – Елімізде халықаралық талаптарға сәйкес Геологиялық зерттеу орталығы (ГЗО) ашылады. Бұл туралы KAZENERGY VIII Еуразиялық форумында «Қазгеология» Ұлттық барлау компаниясының басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов мәлім етті деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 

«Кеңес одағы кезінде қазақ елі геологиялық зерттеу саласында көш басында болатын. Алайда, тоқырау замынында біз осы саладағы бір қатар активтерімізден қол үзіп қалдық. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша небәрі екі ЖОО геолог мамандарды дайындайды. Бұл мәселе үкімет деңгейінде де бірнеше рет қаралып, Мемлекет басшысының қолдауын тапты. Енді Елбасының тікелей тапсырмасымен Геологиялық зерттеу орталығы ашылатын болды» деді сөз басында «Қазгеология» Ұлттық барлау компаниясының басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов.
Сондай-ақ ол, осыған дейін біз геология саласында зерттеу жүргізу барысында шет мемлекеттерге тәуелді болдық. Қазақстаннан жыл сайын мыңдаған сынамалар мен геологиялық мәліметтерді АҚШ, Австралия, Ресей, Қырғызстан мемлекеттеріне жіберетінбіз. Кей кездері біздің сынамаларымыз қайтпай қалатын, тіпті зерттеу нәтижелеріне де қол жеткізе алмайтынбыз, деп күрмеуі қиын мәселелердің бірқатарын Ғалым Нұржанов атап өтті.
«Жаңадан ашылатын ГЗО жас ғалымдардың еркін жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Халықаралық талаптарға сәйкес мемлекеттік геологиялық инфрақұрылымның ашылуы бұл саланының тынысын кеңейтеді. Жоба аясында арайы геологиялық мұражай ашылады. Сонымен қатар, арнайы мамандарды даярлайтын академия бой көтеретін болады. Онда ғалымдар қайта даярлау курсатарынан өтіп, өз біліктіліктерін арттыраты" деді ол.

Дереккөз: baq.kz

8 қазан 2013, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.