Атырау, 24 қараша 07:31
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматыда тойы кейінге қалдырылған қыз бен жігіт асылып өлді

3 306 просмотра

Алматыда үйлену тойы кейінге қалдырылған жас жұп асылып өлді, деп хабарлайды Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, 1995 жылы туған қыз бен 1994 жылғы жігіттің денелері асылып тұрған күйі Алатау ауданындағы бір үйдің шатырынан табылған. Сырт киімінен басқа, оқиға орнынан ішілмей қалған арақтың бөтелкесі мен екі жастың өлер алдында жазған хаттары табылды.
«Қайтыс болған екі жас үйленгісі келген. Алайда жігіттің анасы күйеуін жерлегеніне бір жыл толмағандықтан, олардан 6 ай күте тұруын өтінеді. Алайда ұлы бұған көнбей, анасы мен ұлының арасында келіспеушіліктер болған»,-делінген хабарламада.
Қыз бен жігіттің мәйіттері сот-медициналық сараптама жүргізу үшін мәйітханаға жеткізілді.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

7 қазан 2013, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.