Каспий теңiзiнде бекiре тұқымдас балықтарды аулауға бесжақты мараторий енгiзу мәселесi қаралуда деп мәлімдеді ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрi Нұрлан Қаппаров.
«Бекiре тұқымдас балықтардың түрiн сақтау ең маңызды экологиялық проблемалардың бiрi болып табылады. Каспий теңiзiнiң су биоресурстары жөнiндегi комиссиясы жұмысының шеңберiнде бекiре тұқымдас балықтарды аулауға бесжақты мараторий енгiзу мәселесi пысықталуда. Қазақстан өз тарапынан ондай тыйым салуды әлдеқашан қабылдап қойған», - дедi Қаппаров мәжiлiсте өткен үкiмет сағаты барысында.
Оның айтуынша, жыл сайын құқық қорғау және табиғатты қорғау ведомстволары бiрлесiп Жайық-Каспий бассейнiнiң су айдындарында бекiре тұқымдас балықтарды қорғауға және оларды заңсыз аулаумен күресуге бағытталған «Бекiре» балық қорғау акциясын өткiзедi.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.