Атырау, 27 желтоқсан 01:53
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қашаған мұнай кенішінің ұңғымалары жөндеу жұмыстарынан кейін қайта іске қосылды

2 124 просмотра
Кеше, 6 қазан күні Қашаған мұнай кенішінің ұңғымалары жөндеу жұмыстарынан кейін қайтадан ашылып, ешбір кедергісіз іске қосылды, деп хабарлады МГМ баспасөз қызметінен.

Естеріңізге салсақ, 24 қыркүйекте «Д» аралынан «Болашақ» мұнай өңдеу зауытына апаратын газ құбырын жоспарлы тексеру кезінде газдың кемуі орын алған болатын.

Газдың кемуі зауыттан 2,5 шақырымдағы санитарлық-қорғау аймағында болды.

Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті дер кезінде хабардар етілген болатын.

Қауіпсіздік техникасының талаптарына сай тексеру жүргізілді.

Ауада күкіртті сутектің шамадан тыс болғандығы анықталмады. Адамдар арасында зардап шеккендер болған жоқ.

Жер үстіндегі және теңіздегі барлық өндірістік құрылыстар күту тәртібіне көшіріліп, мұнай өндіру уақытша тоқтатылды.

Санитарлық-қорғау аймақтың ішіндегі және сыртындағы жағдай қатаң бақылауға алынды.

Болған жағдай жөнінде Атырау төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті мен Атырау облысының қоршаған ортаны қорғау департаменті тексеру жүргізді.

Қалыптасқан тәжірибе бойынша газ құбырының бөлігі оқшауланып, қысым түсіріліп, азотпен тазарту жұмыстары жүргізілді.

26 қыркүйекте құбырды ашу үшін жер жұмыстары басталды.

27 қыркүйекте құбырдың учаскесі инспекциялаудан өтіп, газдың кему көзі анықталды. 28 қыркүйекте жөндеу жұмыстары басталды.

Қазіргі кезде аталған жөндеу жүмыстары аяқталды. Барлық жұмыстар республикалық және халықаралық қауіпсіздік техникасының ережелеріне сәйкес өткізілді.

7 қазан 2013, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.