Атырау, 12 желтоқсан 09:59
 қар жаууы ықтималВ Атырау +1
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

2 774 просмотра
AСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1045 қаулысымен Әбсаттаров Қайрат Бектайұлы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.

Бұл туралы аталған ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

Әбсаттаров Қайрат Бектайұлы - 1966 жылы туылған.

Білімі: Қарағанды политехникалық институты , «Автомобильдер және автомобильдік шаруашылық». Жезқазған университеті, «Экономика және өндірісті басқару» мамандығы. Мәскеу бизнес-мектебінде «Іскер әкімшіліктендіру магистрі» бағдарламасы бойынша білім алуда.

Автокөлік саласындағы өндірістік кәсіпорындарында, Жезқазған облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеген.

1998 - 2003 жылдары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінде, ҚР Президент Әкімшілігінде түрлі лауазымдарды атқарды.

2003 -2006 жылдары ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2006 жылғы қарашада «Қазақтелеком» АҚ Бас әкімшілік директоры қызметін атқарды.

2010 -2012 жылдары Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.

2012 жылғы 1 ақпаннан 2013 жылғы 20 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі лауазымында қызмет етті.

2013 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Дереккөз: inform.kz

3 қазан 2013, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.