Атырау, 24 қараша 06:36
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қарағандыда құрбылары өлтірген қыздың ата анасына өтемақы төлеу жөнінде сот шешімі шықты

1 955 просмотра

Бүлдіршіннің құны – бір миллион теңге! Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық соты көз жұмған Аня Ткаченконың ата-анасына дәл осы сомада моральдық шығын тағайындады. 
Ақмарал Дәненова, Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы:

"Взыскать с Цимерман, Евдокимовой и Челлер в пользу Безматерных по одному миллиону тенге".

Сот шешімі бойынша, қыздың ата-анасына бас аяғы үш миллион теңге берілуі қажет. Қарағандыдағы білім бөлімі бұл төлемнен босатылды. Өйткені, сот қайғылы оқиғаға мұғалімдердің қатысы жоқ деп шешті. Естеріңізге салайық,  қуыршаққа таласқан үш қыз 9 жасар Аня Ткаченконы өлтірген болатын. Олар  құрбысын киіммен қылқындырып, денесін суға апарып тастаған. Жан шошырлық оқиғаны жасаған қыздар мамандардың жіті бақылауында болды. Белгілісі, қыздардың психикалық ауытқуы жоқ. Кішкентай қылмыскерлер енді білімін арнайы мектепте жалғастырады. Наразы болған ата-ана ел Үкіметіне хат жолдамақ. Мақсаты - жазалау шараларын күшейту. Соттың шешіміне қылмыскер қыздардың аналары да қарсы.
Любовь Безматерных, қаза тапқан қыздың анасы:

"От меня оторвали кусок мяса, они ее порвали, как мышонка… я не могу говорить".
Алексей Качкаров, жәбірленуші тарап қорғаушысы:

Сот шешімімен біз келіспейміз. Өйткені, өтемақы мөлшері өте төмен. Және бұл қайғылы оқиғаға білім бөлімін жауапты деп таппау мүлдем дұрыс емес.

Дереккөз: Астана телеарнасы

2 қазан 2013, 20:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.