Атырау, 24 қараша 06:46
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан Аргентинамен виза режимін жою туралы жұмысты бастады

1 561 просмотра

Қазақстан Аргентинамен келесі жылдан бастап виза режимін жою туралы жұмысты бастады, деп хабарлады республика сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.  

Сыртқы саяси ведомствоның мәліметінше, СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов Аргентинаға сапары барысында өзінің әріптесі Хектор Тимерманмен кездесіп, министрлер саяси кеңестерді іске қосу механизмі туралы және ресми делегацияларды визалық талаптардан босату туралы Келісімдерге қол қоя отырып, екіжақты ынтымақтастықты белсендендіруге келісті. Қазақстандық министрдің шақыруымен, Х.Тимерман 2014 жылы Астанаға келуді жоспарлап отыр.

Аргентина аймақтағы ірі экономиканың бірі болып саналады, және Бразилиямен қатар G-20 тобының қатарына кіреді. Елде алдыңғы қатарлы технологиялармен түрлі салаларды қамтамасыз ететін қолданбалы ғылым белсенді дамуда: атом өнеркәсібі мен ғарыштан бастап, энергетика мен ауыл шаруашылығына дейін.

Осы мәселелердің барлығы Ерлан Ыдырысовтың аргентиналық іскер топтармен кездесуі барысында талқылау тақырыбы болды. Бұл кездесу Министр сапарының бағдарламасын ашты. Табиғи газды қайта өңдеу жөніндегі технологиялармен алмасу мүмкіндігі, сонымен қатар басқа да мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері YPF Аргентина ұлттық компаниясының басшылығымен кездесу аясында талқыға салынды. Ұлттық сала мүддесін көздейтін Аргентина мұнай Кеңесінің өкілдері өз кезектерінде Қазақстанмен ғаламдық деңгейде ынтымақтасуға қызығушылық танытты.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА

 
2 қазан 2013, 18:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.