Атырау, 26 шілде 12:48
 дождьВ Атырау +35.6
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

Жангелдиндегі отбасы ісі: күдікті күйеу балаға іздеу жарияланды

1 112 рет қаралды
Сұлтан Сарсемалиевтің фотосы Qamqor.gov.kz сайтынан алынған.
Сұлтан Сарсемалиев, Qamqor.gov.kz сайтынан алынған сурет.

Атырау облыстық полиция департаменті 6 қаңтар күні Жангелдин ауылының тұрғындарына қатысты қылмысқа күдікті ретінде отбасының күйеу баласына іздеу жариялады.

Күдікті - 29 жастағы Сұлтан Сарсемалиев Махамбет ауданының тұрғыны. Құқық қорғау органдары қылмысқа басқа адамдардың қатысы бар-жоғын да тексеріп жатыр.

Еске салсақ, 25 желтоқсанда отбасының туыстары олардың жоғалғанын полицияға хабарлаған. 6 қаңтарда ерлі-зайыпты Мақсот пен Нәсіптің денелері табылды. Балаларына қатысты іздеу жұмыстары әлі жалғасуда.

Құқық қорғау органдары қазақстандықтарды тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырып, жалған немесе тексерілмеген ақпарат таратпауды ескертті.

8 қаңтар, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.