Атырау, 5 қазан 02:34
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қазақстан полициясы үшін жаңа формасы мен арнайы төс белгілер әзірленуде

5 591 просмотра

Бұл туралы бүгін Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғұмбаев мәлімдеді. Оның айтуынша алдағы жылы полицейлердің жаңа формасы мен арнайы төс белгілері әзірленбек.

Сондай-ақ, сақшылардың көліктеріндегі жазу "жол-патрульдік полиция" атауына өзгертіледі. "Бүгінгі таңда жол полициясы мен әкімшілік комитеттер толықтай қайта құрудан өткізілді. Полицейлер жаңа лауазымда қызмет атқаруға толықтай әзір" - деді Ерлан Заманбекұлы.

Вице-министрдің пайымдауынша, жол сақшылары енді тек ереже бұзған жүргізушілерді ғана тоқтатпақ. Барлық процесс жол полициясы көліктерінде орнатылған арнайы бейнекамераға түсіріледі. "Қазіргі таңда Астанада 72 бақылау бекеті бар.

Енді "Қауіпсіз қала" бағдарламасы шеңберінде бақылау ұлғайтылмақ. Бұған қоса "Бір терезе" жүйесі бойынша жұмыс істейтін орталықта көлік салығы және әкімшілік айыппұлдарды тез арада төлеуге мүмкіндік ашылады", - деді вице-министр.

Естеріңізге сала кетсек, ішкі істер органдарының әкімшілік және жол полициясы бөліністерін біріктіру тәжірибесі еліміздің бірнеше қалаларында нәтижелі өткен болатын.

"Келесі жылы әмбебап полицейлердің формасы мүлдем өзгереді. Олардың бұрын киген китель мен бас киімдері қолданыстан алынып тасталады. Жаңа "жетондар" шығарылады. Бүгінгі киімдері ыңғайсыз. Сондықтан жеңіл, әрі құқық қорғау қызметкеріне сай үлгіні шығармақпыз", - дейді ҚР Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғұмбаев.

Дереккөз: Астана телеарнасы

1 қазан 2013, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.