Атырау, 17 желтоқсан 13:25
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Құны 6,8 трлн теңге болатын инвестициялық жоба​лар Атырау экономикасын күшейтеді

98 рет қаралды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында өңірдің 2025 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Ол өңірдегі есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 521,4 млрд теңгені құрағанын хабарлады

Мұнай-химия саласының дамуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазір өңірде жалпы құны 6,8 трлн теңгеге 3 мыңнан астам жұмыс орнын ашумен 11 зəкірлі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. 

Облыс әкімі байланыс қызметінің көлемі 16,8 млрд теңгені, нақты көлем индексі 99,8%-ды құрағанын айтты.  

Сонымен қатар, өңір экономикасының басқа салаларының тұрақты дамуына қол жеткізіліп отыр. Нақтылап айтсақ, келесідей негізгі 6 көрсеткіш бойынша өсім бар: 

  • Тау-кен өндіру өнеркəсібінде – 21,1%, 
  • өнеркəсіпте – 19,3%, 
  • көлік жəне қоймалауда – 16,2%,
  • ауыл, орман жəне балық шаруашылығында – 7,4%, 
  • саудада – 6,7%,
  • өңдеу өнеркəсібі – 2,8%.


Бүгін, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.