Атырау, 15 желтоқсан 14:38
 ашықВ Атырау -6
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

«Әскерге кеткен ұлымның сүйегін қайтарды»: қаза болған атыраулық сарбаздың анасы әділдік іздейді

116 рет қаралды

Балықшыдан әскерге алынған мерзімді әскери қызметкер Өмірбек Есбергенов 2024 жылдың сәуір айында Оралдағы №5517 әскери бөлімінде қаза тапты. Оның анасы Айна Есбергенова ұлының өлімінің ресми айтылған себебімен келіспейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, 18 жастағы сарбаз құжаттарда көрсетілгендей өз өлімімен өлген жоқ. Сарбаздың анасы оның өлтірілгеніне сенімді, ал оның мерзімді қызмет кезіндегі өлімінің нақты мән-жайы әдейі жасырылып отыр дейді.

Айна Есбергенованың айтуынша, оның ұлы бала кезінен өте белсенді және еңбекқор болған. Мектепте жақсы оқыды, футболмен айналысып, жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрпді. 14 жасынан бастап жұмыс істеп, өз бетінше табыс тапқан.

«Әскерге кеткенше ол Атырау индустриалдық колледжінің үшінші курсында оқыды. Оқуын жалғастыра алар еді, бірақ өзі: “Мен Отан алдындағы борышымды өтеуім керек” деді де, әскерге өз еркімен кетті», — дейді анасы.

Әскери қызметі кезінде Өмірбек анасымен үнемі байланыста болып, олар күнара сөйлесіп отырған. Ол сондай-ақ ақша жіберуді жиі сұрапр отырған. Кейін анықталғандай, ақша аударымдарының тек оған емес, басқаларға да жіберіліп отырған. 

«Біз ақшаны әртүрлі адамдарға аударып отырдық. Көбіне — ұлымнан алты ай бұрын қызметке келген сарбаз Орынбаев Нұрмұхасанға аудардық. Ұлым қайтыс болғаннан кейін біз оның шотын тексердік және барлық ақшаның дәл соған түскенін көрдік. Кейін бұл қаражат командирлер мен сержанттарға берілгені белгілі болды. Бірақ тергеу бұған көз жұма қаорап, ескермеді», — деп мәлімдеді Айна Есбергенова.

2024 жылдың 7 сәуірінде анасы ұлымен соңғы рет сөйлесті.

«Ол: “Мама, маған ұнайды, мен осында қалғым келеді” деді. Мен: “Ең бастысы аман-есен орал, сосын көреміз” деп жауап бердім. Ал 9 сәуірде үйге үш офицер келіп, ұлының жүгіріп жүріп жүрегі тоқтап қалды деген хабарды жеткізді», — деп еске алды ол.

Сол күні әйел Оралға барып, ұлының сүйегін өзі алып кетті. Мәйітханада, оның айтуынша, зорлық-зомбылық іздерін анық байқаған. 

«Оны киіндіріп қойған екен. Мен оны қайтадан шешуді талап еттім және өзім ұрып-соғудан зақым алған жерлерін суретке түсірдім. Гематомалар, басында ісік, денесінде соққылардың ізі болды. Бұл доғал затпен жасалған соққылар еді», - дейді анасы.

Айна Есбергенованың айтуынша, кейін оның ұлы үш тәулік бойы қатарынан ұйықтамастан кезекшілікте болғаны, ал төртінші күні шаршағаннан ұйықтап қалғаны белгілі болды. Сол үшін оны командирі ұрған, - дейді ол. Сонымен қатар Өмірбекті осы қызметте ұзақ жүрген сарбаз да ұрған. Бұл туралы қаза тапқан адамның әскери қызметтесі айтып берді.

«Құлағаннан кейін ұлым шамамен 20 минут тірі болды. Бірақ оған ешқандай медициналық көмек көрсетілмеді. Оны жай ғана бір жерден екінші жерге сүйреген. Дәрі де, дәрігер де — ештеңе жоқ. Олар оны еш жәрдем бермей өлтірді», — деп сендіреді әйел.

Осыған қарамастан, тергеудің ресми нұсқасы әлі де "кенеттен болған өлімге" саяды, ал ұрып-соғудың барлық дерегі, анасының айтуынша, теріске шығарылды. 

«Ұлымның өліміне қатысы бар адамдар бүгін еркіндікте жүр. Олар еркін өмір сүріп жатыр, ал менің балам жер қойнында. Мен бұл істің жабылып қалғанын қаламаймын», — дейді Айна Есбергенова.

Әділдікке жете алмаған әйел ұлдары әскерде қызмет ету кезінде қаза тапқан басқа аналармен бірге митингке шықты. Олар ашық тергеуді, кінәлілерді жазалауды және әскери бөлімдердегі өлімді жасыру тәжірибесін тоқтатуды талап етеді.

Өмірбектің тарихы — жеке жағдай емес. Бұл қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары туралы бұдан да қатты айтылатын жүйелі мәселе. Ал қоғам үнсіз отыра берсе, бұл қорқынышты тізімді ұлынан айырылған тағы басқа аналар толықтыруы мүмкін.

Айгүл МАНСУРОВА

Есбергеновтер отбасының мұрағатынан алынған сурет

Бүгін, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.