Атырау, 24 қараша 06:31
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Лукашенко апта соңында Қазақстанға ресми сапармен келеді

1 478 просмотра
3-4 қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен келетін Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен екіжақты келіссөздер жүргізеді деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі дүйсенбіде.

«Келіссөздер кезінде мемлекет басшылары сауда-экономикалық және индустриялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі өнеркәсіп кооперациясын талқылайды. Сонымен қатар, посткеңестік кеңістіктегі, бірінші кезекте, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық үдерістерді дамыту барысы талқыланатын болады»,-делінген хабарламада.

Бұған қоса, мемлекет басшыларының Бірлескен мәлімдемесіне және бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.

Беларусь Президентінің алдағы сапары мемлекеттердің екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастығын нығайтуға және жаңа серпін беруге арналған, сондай-ақ өзекті халықаралық проблемалар жөніндегі ұстанымдарын айқындауға мүмкіндік береді.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА

30 қыркүйек 2013, 12:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.